Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-дың өкілдері мансап орталықтарына арналған вебинарға қатысты

Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығының өкілдері Тверь мемлекеттік университеті ұйымдастырған «Қазіргі еңбек нарығындағы жас мамандар: сауалнама нәтижелері және мансап орталықтары жұмысының тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар» вебинарына қатысты.

Вебинарға 150-ден астам ресейлік, украиндық және белоруссиялық жоғары оқу орындары қатысты. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті вебинарға қатысқан жалғыз қазақстандық жоғары оқу орны болды.

Онлайн вебинар аясында түлектерді жұмысқа орналастыруға көмек көрсетудің өзекті мәселелері, жұмысқа орналастыру мониторингін ұйымдастыру, сондай-ақ университеттердегі мансап орталықтарының жұмысын барынша тиімді ету мәселелері талқыланды.

Вебинарда бес жоғары оқу орнының өкілдері сөз сөйледі – Тверь мемлекеттік университеті, Новосібір мемлекеттік университеті, В. Вернандский атындағы Қырым федералдық университеті, Белорус мемлекеттік университеті, Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы.

Вебинар соңында қатысушыларға сертификат берілді.

Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы

Қазақ
× You found a Typo