Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-дың «Руxани жаңғыру» ҒБО-да ШҚО Сараптамалық Кеңесінің отырысы өтті

21 -ші қыркүйек күні Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде ректор М.Ә. Төлегеннің төрағалығымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Шығыс Қазақстан облысы Сараптамалық кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Аталмыш жұмысқа кеңестің тұрақты мүшелері, шақырылған ШҚО-ның Ішкі саясат басқармасының басшысы И.Ф. Смит, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Е. В. Старенкова, Өңірлік жобалау кеңсесінің басшысы М. М. Ахметова, Білім, туризм және сыртқы байланыстар басқармасының, Облыс тілдерді дамыту басқармасының қызметкерлері қатысты. Жұмыс барысында Орталық сараптама кеңесінің ұсынымдарын орындау бойынша іс-шаралар жоспарын іске асыру барысы туралы мәселелер талқыланды,жауапты тұлғалардың ақпараты тыңдалды.

Екінші мәселе - жаңа жобалардың сараптамасы. Барлығы төрт жоба ұсынылды. Д. Серикбаев атыңдағы ШҚМТУ "Нұрлы жүректер" және "Жалынды жастар" атты екі жобаны ұсынды. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің "Үш тілділік және STEM жағдайында "Жаратылыстану" білім беру саласы үшін болашақ мұғалімдерді даярлаудың ғылыми-әдістемелік негіздері" жобасын ұсынды. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы "Ақ жүрек" жобасын жариялады.

Сарапшылар ҚР Президенті Н. Назарбаевтың бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясындағы жобалардың өзектілігін талқылады. Жобалардың мазмұнының "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру қағидаттарына сәйкестігін, мақсаттары мен міндеттерінің негізділігін, олардың практикалық маңыздылығын талқылады және өңірлік комиссияда жобаларды қарастыру туралы шешім шығарды.

 Әубакірова Ж.,

ШҚО сараптамалық кеңесінің ғылыми хатшысы

Фото  https://cloud.mail.ru/public/EpCx/hkZkDb87x 

Қазақ
× You found a Typo