Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-дың «Шабыт» театры ерекше жобаға қатысты

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «Шабыт» студенттер театры облыстық драма театрындағы «Театрдағы бір түн» жобасына қатысты.

Театр өнеріне жастарды баулу мақсатында облыстық драма театрында Қазақ, Орыс, Жастар театрлары және ШҚМУ-дың «Шабыт» студенттер театры бірігіп дәстүрлі «Театрдағы бір түн» шарасын өткізді.

Оқу орнымыздың студенттері алғаш рет үлкен сахнада, кәсіпқой әртістермен бірге өнер көрсетті. Бұл – жастар үшін үлкен тәжірбие.

«Театрдағы бір түн» жобасы түрлі бөлімдерден тұрады. Театр есігін ашып, әр қабатқа көтерілген сайын көрермендерді әртістер қарсы алды. Сонымен қатар, мұнда арт-вокал, балалар алаңы сияқты қызықты бағдарламалар ұсынылды. Театрдың тыныс-тіршілігімен танысуға бар жағдай жасалды.

Ең маңызды сәт қонақтарды үлкен залға жинап, «Жастар» және «Шабыт» театрлары бірге қойған әлемдік «Король Лев», «Мадагаскар», «Ромео мен Джульетта», «Нотр дам де Пари» мюзиклдерінен үзінді болды.

Кәсіпқой әртістермен бірге өнер көрсеткен біздің студенттер «Шабыт» театрының жетекшісі Ертай Хасеновке және осындай ұсыныс жасаған «Жастар» театрына алғыс білдіреді.

Інжу Ильяс,

Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2 курс студенті

Қазақ
× You found a Typo