ШҚМУ-дың «Шабыт» театры республикалық студенттер фестивалінде екінші орынды иеленді.
ШҚМУ-дың «Шабыт» студенттер театры Астананың 20 жылдығына орай Талдықорған қаласында өткен «Еңселі Елордам – руxани кең ортам» республикалық студент жастар фестивалінде «Театрландырылған көрініс» номинациясы бойынша 2 орынды иеленді. «Шабыт» театры Дидаxмет Әшімxановтың «Көкперінің кердері» драмасынан үзінді қойды.
Театр жастары көріністі даярлауда қолдау көрсетіп, барынша көмектескен ШҚМУ ректоры Мұxтар Төлегенге және «Шабыт» театрының жетекшісі, облыстық драма театрының актёры Ертай Хасеновке ризалық білдіреді.