Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-дың шетелдік студенттеріне бетперделер, антисептиктер және азық-түлік жиынтықтары таратылды

ШҚМУ, «Nur Otan» және Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы «Отандастар» қорының облыстық фронт-кеңсесі жатақхана студенттеріне көмек көрсетті.

№1, №3 Студенттер үйлерінде С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы «Отандастар» қоры облыстық фронт-кеңсесінің меңгерушісі Әскерхан Ақтай, «Nur Otan» партиясы Өскемен қалалық филиалының хатшысы Ерлан Жақыпов, Ұлан аудандық мәслихатының депутаты Нұртай Тілеужан, «Зекет» қорының өкілі Қуат Аманбол, кәсіпкерлер болды.

Ректор студенттерге университетте әзірленген 150 көпреттік бетперде мен 150 флакон антисептик таратты.

Демеушілер азық-түлік жиынтықтарын табыстады.

Аталмыш жатақханаларда Қытай мен Моңғолиядан келген шетелдік студенттер тұрады.

Бүгінде Студенттер үйлерінің негізгі контингентін құрайтын шетелдік студенттермен қатар, бетперделер жатақханаларда тұрып жатқан барлық студенттерге де таратылды.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo