- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Заманауи инновациялық технологиялар мен ғылым дамуының қарышты қадамдарына ілесе отырып, болашаққа нық қадам басу мақсатында жастардың білімдері мен біліктіліктерін дамыту қажет.
Химик-студенттердің командасы педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Тантыбаева Батима Сматаевнаның жетекшілігімен 29-30 наурыз күндері аль-Фараби атындағы ҚазМУ өткен ІХ Республикалық студенттік пәндік олимпиадаға қатысып, жүлделі 3 орынға ие болды.
Қазылар алқасының шешімімен «Химия» мамандығының 3 курс студенті Сағдоллина Назерке жеке есеп бойынша 2 орын иеленіп, арнайы сертификатпен марапатталды. Ұстаздарының берген білімдері мен университет сенімін ақтап, жетістікке жеткен студенттерімізге алғысымыз шексіз.
С.Оразова, химия кафедрасы