- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Жастар жылы аясында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың Студенттер үйлері арасында «Көңілді старт!» спорттық сайысы өтті.
Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті Жастар ісі жөніндегі комитеті халықаралық студенттер күніне орай жастардың шымырлығын арттыру мақсатында «Көңілді старт!» сайысын өткізді.
Командалар «Ептілер», «Ұшқыр ой», «Кірпі», «Алтын бұлақ», «Қырықаяқ» кезендері бойынша сайысқа түсті. Төрт Студенттер үйі қатысты.
Қорытындысында бас жүлдені №5, 1 орынды №4, 2 орынды №3, 3 орынды №1 Студенттер үйлері иеленді.
Барлық қатысушылар громаталармен, естелік сыйлықтармен марапатталды.
Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті