- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Олимпиадаға аттанған даңқты спортшылар Алексей Полторанин, Ольга Полторанина, Елена Коломина, Игорь Закурдаев ШҚМУ-дың әр жылдардағы түлектері.
Шаңғышы Алексей Полторанин Олимпиадаға үш рет қатысқан: 2006 жылы Туринде, 2010 жылы Ванкуверде және 2014 жылы Сочиде.
Ольга Полторанина – биатлоншы, Азиада-2011 чемпионы, спорт шебері.
Шаңғышы, Азия ойындарының төрт мәрте чемпионы, Универсиада жүлдегері Елена Коломина – екі Олимпиаданың қатысушысы (Турин мен Ванкувер).
Тау шаңғышысы Игорь Закурдаев 2011 жылғы Азиадада екі «алтын» мен «күміс» алған, Ванкувер және Сочи Олимпиадаларының қатысушысы.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ түлектерімізге тек қана Жеңіс тілейді!
XXIII Қысқы Олимпиада ойындары (Оңтүстік Корея, Пхёнчхан) 9-25 ақпан аралығында өтеді.
13 ақпанда Ұлттық Олимпиада комитетінің мәлімет бойынша мына спортшыларымыз жарысқа шығады:
Тау шаңғысы
Жылдамдықпен сырғанау, комбинация, ерлер - Игорь Закурдаев. Басталуы - 8:30
Шаңғы жарысы
Спринт, классикалық стиль, әйелдер - Елена Коломина. Басталуы - 14:30 - квалификация, 18:25 - финал
Спринт, классикалық стиль, ерлер - Алексей Полторанин. Басталуы - 15:05 - квалификация, 18:35 – финал.
Жерлестер үшін жанкүйер болайық!
Баспасөз қызметі