Ресейдегі Кемеров мемлекеттік университетінің және оның филиалы – Новокузнецк институтының оқытушысы, доцент М.Р. Гета 50 жасқа толып отыр.
Құрметті Максим Ростиславович!
Сізді 50 жасқа толған мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Білім беруді, ағартушылықты және ғылымды дамыту саласындағы Сіздің белсенді әрі тиімді еңбегіңіз бүгінде ерекше сұранысқа ие және маңызды.
Күш-қуатыңыз бен жоғары кәсібилігіңіз алға қойған мақсаттарыңызға жетуге, ал тәжірибеңіз ең күрделі міндеттерді барынша сәтті шешуге септесе берсін.
Деніңіз сау, жақындарыңыз аман болсын!
Бар жақсылықтарды тілейміз!
Құрметпен,
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ
Қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу кафедрасының ұжымы