С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мен Алтай мемлекеттік университеті (Барнаул қ., Ресей) «Экологиядағы және табиғатты пайдаланудағы математикалық әдістер мен ақпараттық технологиялар» бірлескен білім беру бағдарламасын іске асыруда.
Білім беру бағдарламасы ШҚМУ-дың «6М060100 – Математика», «6М010900 – Математика» және АлтМУ-дың «Қолданбалы математика мен информатика» мамандықтары бағыттарына қатысты.
Бірлескен білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижелері бойынша математика кафедрасының магистранттары Мадина Маратқызы Жанахметоваға, Сымбат Жақсыбекқызы Сәрсекееваға және Еділ Әлібекұлы Қайырбековке магистр дәрежесін беру арқылы жоғары білім туралы ресейлік дипломдар табысталды.
Түлектерімізді шын жүректен құттықтаймыз!
Математика кафедрасы