Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-дың үш оқытушысы «Үздік оқытушы-2019» байқауының жеңімпазы атанды

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағы берілетін республикалық байқау қорытындыланды. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мәртебесі еліміздің 48 жоғары оқу орнының 200 оқытушысына берілді.

Адал еңбектері арқасында «Ең үздік ЖОО оқытушысы» мәртебесін жеңіп алған С. Аманжолов атындағы ШҚМУ оқытушыларын – компьютерлік жобалау және ақпараттық технологиялар кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к. Жеңіскүл Зейнешқызы Жантасованы, Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, т.ғ.к. Жанна Сәкенқызы Әубәкірованы, физика кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к. Альмира Михайловна Жилкашинованы құттықтаймыз!

Бұл марапат – оқытушылардың жоғары кәсібилігін, жаңашылдығы мен инновациялық әлеуетін, педагогикалық және ғылыми қызметтерінің нәтижелілігін растау.

Осы атақ оқытушыларға ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және біліктілікті арттыру мақсатында әлемнің жетекші университеттерінде тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді.

Білім беру бағдарламаларын

әдістемелік қолдау бөлімі

Қазақ
× You found a Typo