Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-дың үздік филолог-студенттері анықталды

Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттері арасындағы дәстүрлі пәндік олимпиаданы қашықтан өткізді.

Қатысушылар теориялық білімдері мен танымдық деңгейлерін көрсететін эссе жазып, таңдаған мамандығының ерекшелігін сипаттайтын танымдық-ақпараттық, жарнамалық презентациялар дайындады, test.vkgu.kz жүйесінде тестілеуден өтті.

Сайысқа профессор А. Қартаева, доценттер С. Қасенов, А. Айтмұқашова, аға оқытушы Ж. Қайырбаева, жұмыс берушілер тарапынан Өскемендегі №44 лицейдің оқу ісі меңгерушісі Л. Хасенова, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ магистранты, ШҚМУ түлегі, республикалық пән олимпиадасының жеңімпазы Е. Қабидолданова, 4-курс студенті, «Жыл филологы-2019» иегері Г. Ахыт қазылық етті.

Олимпиада қорытындысы бойынша 3-курс студенттері Адэль Мырзағалиева «Жыл филологы», Ұлжан Ержанова «Жыл тілшісі», Еркежан Молдабек «Жыл әдебиетшісі» атанды. 1-курс студенттері Әйгерім Сейілхановаға «Үздік эссе», Назерке Амангелдіге «Үздік презентация» номинациялары берілді. 2-орынды Балдырған Қалитова, Назерке Ержанқызы, Мейрамнұр Жанат, 3-орынды Салтанат Сапарбай, Ажар Қожабаева, Келбет Сасанқызы, Бұлбұлхан Талап иеленді.

  Жеңімпаздарға кафедра оқытушылары өз ғылыми еңбектері мен жеке кітапханаларындағы кітпатарын сыйға тартты.

Олимпиада жеңімпаздары Адэль Мырзағалиева, Ұлжан Ержанова, Балдырған Қалитова 20-мамырда Талдықорған қаласында І. Жансүгіров атындағы ЖМУ-да өтетін ХІІ республикалық пәндік олимпиадаға қатысады.

Сәттілік тілейміз!

 Қ. Барбосынова,

 мамандық эдвайзері

Қазақ
× You found a Typo