Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-дың волонтер-студенттері облыс әкімі орынбасарымен кездесуге қатысты

Өскеменде облыс әкімінің орынбасары Әлішер Мархабат өңірдегі жастар өкілдерімен «галстуксіз» форматта кездесті.

Кездесуге С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «Мейірім» еріктілер қозғалысына мүше студенттер қатысты.

Облыс әкімі орынбасарының айтуынша, жиын мақсаты жас көшбасшылармен танысу, жастар саясатын іске асыру туралы пікір алмасу болды.

Әлішер Мархабат жастардың дамуы мемлекет саясатының басым бағыты екенін атап өтті. 2020 жылды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Волонтерлар жылы деп жариялады. Ол өткен Жастар жылымен қисынды ұштасып болып отыр, былтыр басталған іс-шаралар биыл да жалғасады. 

– «Мейірім» қозғалысында 200-ден астам студент бар. Осы жылдың Еріктілер жылы болып жарияланғанына қуаныштымыз. Ол қозғалыстың дамуына серпін береді. Біз Еріктілер жылын, Абайдың 175 жылдығын өткізуге белсенді қатысуға әзірміз, – деді қозғалыс жетекшісі Назым Аманжолова.

Жиында жастар мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мәселесін талқылап, жастар ісі жөніндегі комитеттердің, жастардың ресурстық орталықтарының төрағаларын сайлау, жастарда soft skills дағдыларын дамыту туралы пікір білдірді.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo