С. Аманжолов атындағы ШҚМУ сайтының You Tube арнасы «Altai jastary» медиаорталығының жаңа жобаларымен – «Ашық сұхбат» және «Арнайы репортаж» тұрақты бағдарламаларымен толықты.
Арнадан университеттегі оқиғалар туралы бейнероликтер, «Altai jastary» телестудиясының бағдарламаларын көруге болады.
Сонымен қатар, имидждік роликтер әзірлеу бойынша жаңа жоба жүзеге асырыла бастады. Алғашқы мұндай қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі фильм «Шығыс Қазақстанның інжу-маржандары» ғылыми-білім беру кешені» деп аталады.
Фейсбуктағы жаңалықтар таспасын бақылап отырыңыздар, сол жерде бейнероликтердің сілтемесі жарияланады.
You Tube арнасы ШҚМУ ресми сайты мега-мәзірінің оң жағында орналасқан, сілтемелері:
https://www.youtube.com/channel/UCo6yF4QlDvusrEH9f_8_nYw.
Баспасөз қызметі