Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-дың жас ғалымдары гранттық қаржыландыру бойынша үш ірі жобаны жеңіп алды

Құрметті достар!

 Ғылым және шығармашылық апталығы аяқталды. Бүгінде С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың ғылым мен инновацияны дамыту бойынша қызметінің нақты нәтижелері және жетістіктері туралы айту маңызды.

Жоғары оқу орны үшін ғылымды дамыту қызметтегі басым бағыттардың бірі болып табылады.

2020-2022 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру байқауының нәтижелері бойынша үш ірі жоба жеңіске жетіп отыр.

Еліміздің өнеркәсібі үшін өзекті алғашқы жоба ­– «Өнеркәсіптік құрал-жабдықтар жауапты тораптарының эксплуатациялық қасиеттерін арттыруға арналған композициялық жабындыларды жасау». Жобаның сомасы – 75 млн. теңге. Басым бағыт – «Энергетика және машина жасау».

Екінші маңызды жоба – ауыл шаруашылығы және агроөнеркәсіптік технологиялар саласындағы жоба – «Ауыл шауашылығы дақылдары сұрыптарына вирусқа қарсы резистенттілігін дарытуға бағытталған инновациялық технологияларды әзірлеу және енгізу». Жобаның сомасы – 61 млн. теңге. Жетекшісі – М.Ю. Сутула. Басым бағыты – «Өмір мен денсаулық туралы ғылым».

Жаратылыстану ғылымдары, телекоммуникациялар, ақпараттық және ғарыштық технологиялар саласындағы үшінші маңызды жоба ­– «Көпфазалы сүзгілеудің желілік емес міндеттерін шешудің параллельді түпкі-элементті әдістерін әзірлеу және зерттеу. Жобаның сомасы – 36 млн. теңге. Жетекшісі – Д.Р. Байгереев. Басым бағыты – «Ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыштық технологиялар, жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер».  

Университетте тағы бес тақырып бойынша ғылыми зерттеулер белсенді орындалуда, оның ішінде 266 млн. теңге сомасындағы БМҚ ғылыми-техникалық бағдарламалары бойынша және 110 млн. теңге сомасындағы төрт ғылыми жоба бойынша ғылыми зерттеулер бар.

2019 жылы «Өнімді инновацияны ынталандыру» жобасы бойынша 106 млн. теңге сомасына грант жеңіп алынды.

Мұндай жоғары нәтижелерге Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың, ел Президенті Қ.-Ж.К. Тоқаевтың, ҚР Білім және ғылым министрлігінің жастардың ғылыми бастамалары мен инновацияларын қолдауы арқасында қол жеткізіліп отыр.

Университетте инновациялық инфрақұрылымға, ғылыми зертханалар мен орталықтарды материалдық-техникалық жабдықтауға жіті көңіл бөлінуде.

Университетте ғалымдар үшін жағдай жасау жоғары технологиялық өнімді өндіруде оң қарқынға қол жеткізуге, инновациялық белсенділікті арттыруға септеседі.

Жүргізіліп жатқан жұмыстың мемлекеттік маңыздылығын және қажеттілігін түсіне отырып, ЖОО тек іргелі және қолданбалы ғылымды ғана емес, сондай-ақ жас ғалымдар мен білім аалушылардың стартаптарын да дамытып келеді.

Ғалымдарымызға сәттілік тілеймін! Сіздердің білімдеріңіз, тың ойларыңыз және инновацияларыңыз егемен еліміздің дамуына баға жетпес үлес қоса берсін!

 С.Аманжолов атындағы ШҰМУ ректоры, профессор М.Ә. Төлеген

Қазақ
× You found a Typo