Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-дың жас ғалымдары «Startup weekend: GreenTech» байқауына қатысты

6-8 қыркүйекте Startup weekend: GreenTech халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығында инновациялық технологиялар мен стартап-жобалардың байқауы өтіп, оған С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Технологияларды коммерцияландыру кеңсесінің қызметкерлері қатысты.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің және Seedstars халықаралық бизнес-акселераторының қолдауымен «Астана Innovations» АҚ аясында бірлесіп «жасыл» технологиялардың инновациялық конкурсы (Startup weekend: GreenTech) өтті.

Бұл іс-шара Astana Innovations Challenge стартап жобалардың ауқымды конкурсы аясында өтті.

Іс-шаралар шеңберінде шетелдік және жергілікті менторлармен бірге оқыту сессиялары өтті. Екінші күннің қорытындысы бойынша қазылар алқасы мен көрермендер алдында ең жақсы технологиялық шешімдерді таныстыратын 10 финалға қатысушы іріктелді. Конкурс жеңімпаздарын конкурс серіктестері мен ұйымдастырушылары құнды сыйлақтармен марапаттады.

Конкурста мына мәселелер қамтылды: жеке меншік секторына арналған жылыту жүйесі, ҚТҚ қайта өңдеу, ағын суларды тазалау және қайталама пайдалану мәселелері, тұрғын және өндірістік жайларда энергияны тұтынуды төмендету, СО2 тұту және сақтау, көліктерден шығатын пайдаланылған газды азайту, энергияның балама көздері, көшелерді жарықтандыру.

Баспасөз қызметі,

Технологияларды коммерцияландыру кеңсесі

Қазақ
× You found a Typo