Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-дың «Жас Отан» жастар қанаты бірінші курс студенттерін қабылдау рәсімін өткізді

Студенттердің бос уақытын тиімді пайдаланып, қоғамдық өмірге белсене атсалысуы үшін С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері бірінші курс студенттеріне ашық есік күнін жариялап, ант қабылдау рәсімін өткізді.

Шара барысында белсенділер «Жас Отан» облыстық филиалының төрайымы Маржан Бақытқызының қолынан мақтау қағаздарын алды.

– Студенттік шақты барынша пайдалы әрі көңілді өткізу – өз қолымызда! Сондықтан студенттік өмірлеріңіздің әр сәтін тиімді пайдаланып, «Жас Отанның» жастарына қосылыңыздар! Біз сіздерді құшақ жая қарсы аламыз! – деді бірінші курс студенттерін қатарға қосылумен құттықтаған ШҚМУ-дағы «Жас Отан» ЖҚ-ның басшысы Сағадат Есенгелдіұлы.

Кеш концерттік бағдарламаға ұласты. Студенттер қатарына қосылған жаңа буын өкілдерімен қызықты ойындар ойнатылып, оқу ордамыздың «Көңілді жігіттер» жайдарман құрамасы көрермен көңілінен шыға білді.

Толық ақпарат: +77076514599.

Тәрбие жұмысы және әлеуметтік сұрақтар бөлім,

Жастар ісі жөніндегі комитет

Қазақ
× You found a Typo