Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-дың «Жас Отан» ЖҚ-ның белсенді мүшелері әнші Ибрагим Ескендірмен кездесті

12 ші қазан күні «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ-ның ШҚО филиалында таңымал әнші Ибрагим Ескендірмен кездесу өтті.

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «Жас Отан» ЖҚ-ның белсенді мүшелері қатысты. Ұлттық рух туының биікте желбіреуіне, қазақ өнерінің асқақтауына үлесін қосып келе жатқан Ибрагим Ескендірмен өткен кездесуде балалық, жастық шағы, өнер жолындағы қызыққа толы әңгімелері айтылып, өмірден көрген, түйгенімен сыр бөлісті.
Кездесу барысында С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың белсенді студенттері: Абдували Гүлайым, Әбубәкір Марлен, Абенғазыева Елназ, Мұса Сағадат, көкейтесті сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды.
Өз кезегінде студенттер кездесудің мазмұнды өтіп, өздері үшін өте әсерлі болғандығын айтып, ризашылықтарын білдірді.

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «Нұр Отан»партиясы жанындағы « Жас Отан» ЖҚ –ның бастауыш бөлімі жетекшісі Басбақбаев Қ.

Қазақ
× You found a Typo