Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-дың жазғы мектеп топтары Ақ бауырмен танысты

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың жазғы ғылыми-танымдық мектебінің топтары Ақ бауыр тарихи-археологиялық кешенінде болып қайтты.

Кімде-кім ежелгі тарих, астрономия, ерекше және түсініксіз құбылыстарға қызығушылық танытса, Өскемен қаласынан 30 км қашықтықтағы Құржымбай тауының етегіндегі жылғаның жоғары жағында ашық аспан астындағы «Ақбауыр» атты астрономиялық, археологиялық кешеніне баруына болады. Бұл жерге түскен кезде ерекше сезімге бөленесіз.

Ұлан ауданының Бестерек елді мекеніндегі ғажайып, ежелгі табиғат туындысына таң қаласыз. Бұл кешен - неолит дәуіріне жататын ғаламшарымыздағы ең көне ескерткіштердің бірі. Ең алғаш рет жүйелі зерттеу жұмыстарын осы ауылдың тумасы, тарих ғылымдарының докторы Зайнолла Самашев жүргізген екен. Зерттеушіні осы тау-тастар арқылы бір ауылдан көршілес ауылға күнделікті мектепке барып жүрген кезде-ақ, бұл тастардың неліктен адам қолымен жасалғандай ерекше болып жатқаны қатты мазалаған.

Сондықтан да туған өлкесіндегі ерекше мекенді ең бірінші болып зерттеп, сырын ашқан. Бұл жерден тас формасын қайталайтын рудалардың сынықтары да табылған. Үңгір аймағынан кейбіреулері үлкен емес, кейбіреулері аса зор, тіпті олардың камераларына бір-екі адам сыятындай домна пештерінің қалдықтары да табылған. Бұл жерден бірнеше жүздеген метр қашықтықтағы тастарда жергілікті аңдар маралдар, сібір таутекелері, арқарлар, ешкімүйіз, тау ешкі бейнелеген петроглифтар орналасқан.

Жол Қалба жоталарының тау сілемдері арқылы өтеді. Кешен жеткілікті көлемдегі тастар мен онша үлкен емес петроглифтер мен аңдар бейнеленген суретті гранитті жартастардан тұрады. Бірнеше ғасырлар бұрын адамдар қарапайым «құрылғылардың» көмегімен астрономиялық бақылаулар жүргізген сияқты. Кешеннің оң жағында сегіз жүз метр қашықтықта гранитті қабырғада үлкен емес үңгір, оның төбесінде және қабырғасында тас жазуының ережесімен салынбаған ежелгі суретші қызыл охрамен салған ерекше жазулар бар.

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo