- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың Жоғары колледжінде Абайдың 175 жылдығына орай әлеуметтік-гуманитарлық, экономикалық-құқықтық пәндер апталығы аясында «Абай оқулары» өтті.
Іс-шара Абай мұрасын жан-жақты зерделеуге бағытталғандықтан «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» және «Қара сөздер» айдарлары бойынша өтті. Бұл шараға 1 курс студенттері қатысты.
Біріншісінде қатысушылар ақын өлеңдерін өз түсінігімен, ішкі табиғатымен аша отырып, мәнерлеп оқыса, кейінгісінде қара сөздерді түсіндіре отырып оқыды.
Колледж кітапханашысы Ш. Нәбиеваның басшылығымен осы шараға Абайдың шығармаларынан көрме ұйымдастырылды.
Қорытындыы бойынша Даниель Ержанов, Диас Нұрланұлы, Көркем Қайратқызы, Нұрай Айтқазы, Жансая Мүтәліпова алғыс хатпен марапатталды.
Н. Әлиев,
тарих пәнінің оқытушысы