Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-дың журналист-студенттері ұлттық телерадиотаратушылар қауымдастығының семинарына қатысты

Қазақстан ұлттық телерадиотаратушылар қауымдастығы Өскеменде БАҚ-қа арнап «Журналистің құқықтары мен міндеттері» семинарын ұйымдастырды.

Мақсат – мемлекеттік органдар басшыларының, БАҚ редакторларының, журналистерінің, заңгерлерінің құқықтық құзіреттілігін арттыру.

Семинарды танымал медиа-заңгер, Қазақстан ұлттық телерадиотаратушылар қауымдастығы жанындағы БАҚ-ты қолдау орталығының жетекшісі, «БАҚ қорғаушысы» сыйлығының иегері Сергей Власенко жүргізді.

Жиында «Журналист: қай жерде құқылы, қай жерде міндетті», «Ақпаратқа қолжетімділік. Сұраулар, міндетті және ресми хабарламалар», «Бұқаралық оқиғаларды жариялау кезіндегі журналист жұмысының ерекшеліктері», «Бейнені жариялау құқығы», «БАҚ туралы заңнаманың даму келешегі» тақырыптары талқыланды. 

Сондай-ақ, «Ақпарат мәселесіне қатысты кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды.

Семинарға С. Аманжолов атындағы ШҚМУ оқытушылары мен студенттері, «Altai jastary» медиаорталығының қызметкерлері қатысты.

Қорытындысында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Баспасөз орталығы  

Қазақ
× You found a Typo