ШҚО-ның үш университеті, олардың ішінде біздің ШҚМУ да бар, еліміздегі ең сұранысқа ие 20 ЖОО-ның қатарына еніп отыр. Ал, үздік оқытушылар рейтингсінде ШҚМУ-дың екі профессоры да бар.
Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) 2018 жылға арналған ЖОО-лар сұранысының рейтингісін жария етті.
Үздің жиырмалықтың ішіне Шығыс Қазақстаннан үш ЖОО енді. Аталмыш рейтингте ШҚМУ 8 орын алған. Ал, Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ 9 орынға, Семей мемлекеттік медициналық университеті 14 орынға табан тірепті.
Үздік оқытушылар тізімінде ШҚМУ-дың екі профессоры да бар, олар – М.К. Қылышқанов және Л.И. Квеглис.
Рейтингке Қазақстан бойынша 58 ЖОО қатысқан.
Баспасөз қызметі