- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Бейнеконференция Тюмень мемлекеттік университетінің ұйымдастырылуымен 21 маусымында өтті.
Бейнеконференция жұмыстан қол үзбей басқа аймақтағы, елдегі серіктестермен ғылыми-зерттеу және практикалық тәжірибемен алмасуға мүмкіндік берді. Конференция жұмысына: Тюмень мемлекеттік университеті (Тюмень қ., Ресей), Алтай мемлекеттік университеті (Барнаул қ., Ресей), Томск мемлекттік университеті (Томск қ., Ресей), Югор мемлекеттік университеті (Ханты-Мансийск қ.,Ресей), Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана қ., Қазақстан), С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті қатысты.
Жұмыс барысында су пайдалану аясында жұмыс жасайтын қоғамдық институттармен ынтымақтастықты нығайту мәселесі қаралып, жұмыс тобының тізімі жарияланды, жаңа білім беру траекториясын, біліктілікті арттыру курстарын ашу мәселесі талқыланды.