Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ Еріктілер жылы аясында 50 шақты ауқымды іс-шара өткізбек

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да Еріктілер жылына арналған іс-шаралар жоспары қабылданды. 

Университетте «Мейірім» волонтерлердің студенттік клубы жұмыс істейді.

Клубтың және Жастар ісі жөніндегі комитет пен «Жас Отан» жастар қанатының жоспарында – «Ізгілік эстафетасы», «С миру по нитке, собираем мы улыбки», «Таза алаң – таза үй», «Менің қалам», «Ардагерлерді ардақтайық» (соғыс ардагерлер, тыл еңбеккерлері, университет ардагерлері аулаларын, пәтерлерін тазалау), «Балаларға күлкі сыйла» (кеңсе тауарларын, балалар киімдерін жинау) акциялары бар.

Сондай-ақ, «Үміт» балалар үйі тәрбиеленушілерін туған күндерімен құттықтау, ШҚО балалар ауылы тәрбиеленушілері үшін поэзия кешін өткізу жоспарлануда. Мұнымен қоса, Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің студенттері мен Жастар ісі жөніндегі комитет белсенділері Зевакино әлеуметтік қызмет көрсету орталығының науқастарына арнап 8 наурыз және Наурыз мейрамдарында концерт қояды.

Өскеменнің мектеп оқушылары үшін шет тілі кафедрасының еріктілері кәріс, ағылшын, неміс, қытай және өзге тілдер бойынша оқыту сағаттарын өткізеді.

Математика, физика, инженерия және технологиялар кафедраларының еріктілері Өскемен мектептерінде математикалық есептерді шешу бойынша оқыту сағаттарын өткізеді деп жоспарлануда.

Ал Қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу кафедрасының оқытушылары мен студенттері облыс орталығының мектеп оқушылары үшін медиация қолданылған соттық ойын процесін ұйымдастырады.

Психология және коррекциялық педагогика кафедрасы Өскемендегі оқушыларға, студенттерге, балалар үйлері тәрбиеленушілеріне «Психологпен уақыт» шарасын өткізеді.

Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі жоспарлаған іс-шаралар қатарында фильмдер көрсету арқылы облыс аудандарына мобильді планетарий өткізу, «Берел» баспасы мен Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы бірлесе отырып студенттер өлеңдері мен туындыларының «Сен жанбасаң лапылдап» жинағын басу және т.б. да бар.

ШҚМУ Жоғары колледжінің «Игі жүрек» еріктілер қозғалысы «Зиянды әдеттермен күрес» акциясын өткізеді.

«Зерде» клубының мүшелері студент қыздарға іс тігу, ас әзірлеу, бетті әрлеу бойынша шеберлік сабақтарын өткізбек.

Кәсіби дайындық және біліктілікті арттырудың ресурстық орталығы еріктілер үшін оқыту курстарын ұйымдастырады.

Сондай-ақ, облыс мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру, оларды университетпен жақынырақ таныстыру іс-шаралары жоспарланған.

Еріктілер жылы аясында барлығы 50-ден астам іс-шара өткізу жоспарланып отыр.

Жыл «Адамдық борышың» еріктілер форумын және Тұңғыш Президент күні мен Тәуелсіздік күні аясында «Үміт» балалар үйі тәрбиеленушілері арасында «Парасат» зияткерлік ойынын өткізумен аяқталмақ.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo