Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ еріктілері «Біз біргеміз!» республикалық акциясына қатысты

«Біз біргеміз!» республикалық акциясы аясында Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімінің басшысы Руслан Абдрасулин және халықаралық ынтымақтастық және шетелдік студенттерді тарту бөлімінің басшысы Еркежан Мүбәрак университеттің ардагері Ольга Георгиевна Шафирдің үйіне барды.

Ольга Георгиевна Шафир көптеген жылдар бойы Сарсен Аманжолов атындағы ШҚМУ-да (ӨПИ) биология кафедрасында жұмыс істеп, бүкіл өмірін оқытушылыққа және университетке арнады. ӨПИ-ді бітіргеннен кейін ол 38 жыл кафедрада жұмыс істеді, биыл ол 82 жасқа толады.

Еріктілер ардагердің пәтерін тазартып, көмек көрсетті, өз кезегінде Ольга Георгиевна өзінің студенттік кездері, кафедрада жұмыс істеуі және біздің университеттің бұрын қанай болғаны туралы айтты.

– Жасы үлкен адамдар үшін коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты азық-түлік дүкеніне бару немесе қоқыс шығару сияқты көптеген іс-әрекеттер қауіп төндіреді. Біз әрқайсымыз кішкентай, бірақ өте маңызды және мейірімді қадам жасай аламыз, ол – қарт адамдарға және жалғызбасты адамға көмектесу. Біз кез келген адамның мұқтаж жандарға көмектесе отырып, әлемді жақсарта алатынына сенеміз. Еріктілер жылы уақыт пен ұрпақтардың ажырамас байланысын айқындаудың тағы бір себебіне айналды, – деді Руслан Абдрасулин. – Үлкендерге құрмет көрсету рухани жетілген қоғамның белгісі екені белгілі.

Еске салайық, 2020 жыл Қазақстанда «Еріктілер жылы» болып жарияланған.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo