- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
"25 қайырымды іс" акциясы аясында ШҚМУ еріктілері, қаланың Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп Ұлы Отан соғысының тыл еңбеккеріне көмек көрсетті.
Жер үйде тұратын 83 жастағы қария Нина Шмакова үшін есік алдын басқан қардан тазалау оңай шаруа емес, осы орайда аталған акция шеңберінде университетіміздің еріктілері көмек көрсетіп, қар тазалау жұмыстарын жүргізіп, зейнеткердің шексіз алғысына бөленді.
Аталған шара "Қазақстан Өскемен" телеарнасында көрсетілді.
Н.Аманжолова, идеялық- тәрбие жұмысы бойынша маман