- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттері жыл сайын қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған Зевакинский интернат-үйіне барып, концерттік бағдарламаларын ұсынады. Игі дәстүр биылғы жылы да жалғасын тапты.
Аталмыш мекемеде зейнет жасына жеткен, бала-шағасы жоқ қарттар, сонымен қатар, 1-2 топ мүгедектері өмір сүруде. Мекемедегі тұрғындардың жалпы саны – 400 адам.
Кезекті концерт барысында студенттер ән айтып, би билеп қана қоймай, музыкалық аспаптарда ойнап, жиналғандардың ыстық ықыласына бөленді.
Идеялық-тәрбие жұмысы бойынша маман - Н.Аманжолова