Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ фитохимия зертханасына бірегей «KAZRAM» аппараты орнатылды

1 оқу корпусында орналасқан «Шығыс Қазақстанның інжу-маржандары» ғылыми-білім беру кешеніндегі фитохимия зертханасына «KAZRAM» аппараты орнатылды, ол – С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мен Кембридж университеті (Британия) ғалымдарының бірлескен еңбегі.

ШҚМУ мен Кембридж университеті ғалымдары  «Ньютон - Әл-Фараби» серіктестік бағдарламасы аясында «KazRAM: an Inexpensive Portable Raman Spectrometer for Rapid Materials Characterization» жобасын әзірлеп, грант ұтып алған-ды.

Аппарат үш жылда жасалған және оның баламасы аймақта ғана емес, елімізде де жоқ.

Материалдарды жылдам идентификациялауға арналған «KazRam» раман-спектрометрін ШҚМУ магистрлері А. Оразов пен Т. Хасен проректор, биология ғылымдарының докторы А. Мырзағалиеваның жетекшілігімен әзірлеген, құрал Кембридж университетінде құрастырылған.

– Жобаның мақсаты – өсімдіктердің химиялық құрамын талдауға арналған арзан рамандық спектрометр жасап шығару, – дейді Айдын Оразов– Біз роман-спектрометрдің шағын моделін жасадық, ол жеңіл әрі арзан.  

Университеттегі раман-спектрометр студенттердің білімін шыңдауға мол мүмкіндік бермек.

Баспасөз қызметі 

Қазақ
× You found a Typo