Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ физика кафедрасында студенттерді қабылдау рәсімі өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ физика кафедрасында «Cтуденттерді қабылдау» салтанатты іс-шарасы өтті.

Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті физика кафедрасында жоғарғы курс студенттері мен аға оқытушы М. Жапарованың, оқытушы А. Төкежановтың ұйымдастыруымен физика, физика және информатика, ядролық физика мамандықтарының 1 курс студенттерін қабылдау іс-шарасы өтті.

Студенттер қатарына қабылдау рәсімінде факультет деканының орынбасары Санат Құмарбекұлы, физика кафедрасының меңгерушісі, доцент Г. Бектасова құттықтау сөз сөйледі. Жоғарғы курс студенттері бірінші курс студенттерін құттықтап, оларға университеттің ішкі тәртібін сақтап, жақсы оқуға ант қабылдатып, сыйлықтар табыс етті. Логикалық ойындар ұйымдастырылған мереке қызықты өтті.

Физика кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo