Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-ға АлтМУ-дан (Ресей) қырық шақты студент пен оқытушы келді

Халықаралық студенттік қысқы мектеп аясында ШҚМУ-ға Алтай мемлекеттік университетінен делегация келді. Қырық шақты оқытушы мен студенттен тұратын делегацияның қатысуымен «Қазіргі заманғы заңтанудың өзекті мәселелері» дөңгелек үстелі өтті.

Ресейлік студенттерді құқық кафедрасының доценті Юлия Михайленко, қаржы және несие кафедрасының доценті Светлана Лепешкина бастап келген.

ШҚМУ ректоры Мұхтар Әділбекұлы Төлеген, проректорлар И.В. Ровнякова мен А.Г. Толамисов, ШҚМУ оқытушылары мен студенттері қатысқан дөңгелек үстел «Рухани Жаңғыру» орталығында өтті.

– ШҚМУ ұлттық рейтинг бойынша елдегі көпбейінді ЖОО-лар арасында 6 орын алады, ал педагогикалық бағыттағы білім беру бағдарламаларымыз үздік үштікке енеді. Қос университет арасында тығыз қарым-қатынас орнатылған, міндет – осы өзара тиімді әріптестікті одан әрі өрістету. Бүгінгі шараның соған сеп болары сөзсіз, – деп атап өтті құттықтау сөзінде ректор.

АлтМУ мен ШҚМУ арасында 2012 жылы ынтымақтастық келісімі жасалған. Жыл сайын АлтМУ-дің 5-10 оқытушысы бізде дәріс оқиды. Магистранттарымыз оларда тәжірибеден өтеді. Оқытушыларымыз АлтМУ-дегі біліктілік арттыру курстарына қатысады. 

Ал, АлтМУ оқытушылары мен жас ғалымдары бізден тәжірибе жинақтайды. Қосдипломды білім беру іске асырылады.

Баяндама жасаған барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo