Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-ға Білім министрлігінің жауапты хатшысы келді

Облысымызға STARTUP BOLASHAK «Менің Арманым» конкурсы өңірлік іріктеу кезеңінің ашылуына келген Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Арын Орсариев ШҚМУ-ға ат басын бұрды.

Аталмыш байқаудың ұйымдастырушысы – БҒМ және «Болашақ» қауымдастығы.

– Біз білім алуды білеміз, бірақ сол білімді қолдана білмейміз. Қазір жаңартылған білім мазмұнына, функционалдық сауаттылыққа көшу реформасы жүріп жатыр, оның мақсаты – кәсіпкерлік, педагогтардың, студенттердің кәсіпкерлігі. Егер осы дағдыға үйретсек, түлектер барынша икемді бола түседі. Біз осы жылы «Менің Арманым» жобасының үшінші кезеңін бастадық. Оған әр өңірден, әр оқу орнынан қызықты идеялары, бизнес-жобалары бар жастар қатысса екен дейміз, біз оларға көмектесеміз. Оларға жоғары оқу орындарының жәрдемдескені де маңызды, – деді ол.

Іссапары барысында ол педагогика мен психология бойынша ғылыми зерттеулермен айналысатын «Зияткер» орталығында, сондай-ақ ШҚО білім тарихы мұражайында, Біліктілікті растау орталығында болды.

Бұдан соң жауапты хатшы кафедралар мен деканаттардың жетекшілерімен, магистранттармен, жас ғалымдармен, студенттермен кездесті. Кездесуге ШҚМУ ректоры М.Ә. Төлеген, проректорлары А. Мырзағалиева, И. Ровнякова, Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ ректоры Ж. Шаймарданов қатысты.

А. Орсариев өз баяндамасында функционалдық сауаттылық, студенттер кәсіпкерлігі, табыс формуласы және көшбасшылық психологиясы туралы айтып берді.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo