Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-ға Франция елшісі Филипп Мартинэ келді

Францияның төтенше және өкілетті елшісі Филипп Мартинэ С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да болды.

Мәртебелі мейман ғылыми әзірлемелер көрмесін аралап, «Назарбаевтану» орталығына экскурсия жасады, декандармен, кафедра меңгерушілерімен, студенттермен кездесті. Жиында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, философия докторы (PhD) Мұхтар Әділбекұлы Төлегеннің құттықтау сөз сөйледі.

Екі ел арасында білім, ғылым, маман даярлау салаларындағы ынтымақтастықтың келешегі зор. ШҚМУ Франция ЖОО-ларымен қарым-қатынасты белсенді дамытуда. Университетте 90 халықаралық келісімшарт қызмет етеді, оның екеуі Франция жоғары оқу орындарымен – Гавр университетімен және Пуатье университетімен жасалған.

2012 жылы ШҚМУ-дың 15 маманы Сиеб қаласындағы педагогикалық зерттеулер орталығында біліктіліктерін арттырды. 2017 жылы шет тілі мамандығының студенттері Балғын Маратова мен Әйгерім Бекежанова Францияда академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқып келді.

2014 жылдан бері «Erasmus+» халықаралық бағдарламасы аясында «Трансшекаралық су қолдану: Ресей және Қазақстан» ғылыми жобасы орындалуда. Оны Ресей, Германия, Франция, Британия, Италия ЖОО-лары атқарып жатыр.

– Франция туралы ойлағанда көпшілік халықаралық көрме үшін салынған Эйфель мұнарасын еске алады. Яғни, еліміз романтикамен, шығармашылықпен және өнермен ғана емес, сондай-ақ ғылыммен де байланыстырылады. Қазіргі кезде қазақстандық жастар үшін Францияда оқудың мүмкіндігі зор. Біз қалпына келетін энергетика, азық-түлік қауіпсіздігі, ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау және өзге де салалар бойынша әріптестік жасауға ниеттіміз, – деді елші.

Бұдан соң студенттер елшіге сұрақтар қойды. Филипп Мартинэ мырза Франциядан ерікті оқытушыларды Шығысқа тартып, француз тілін үйренем деушілерге көмек көрсететінін жеткізді, жастарды оқуға шақырды. Сонымен қатар, 10-шы ұлттық Франкофония байқауының жартылай финалында бірінші орын алған ШҚМУ студенті Никита Дерябинді құттықтап, онымен бірге суретке түсті.

– Бүгінгі кездесудің нәтижесінде ынтымақтастық жаңа деңгейге көтеріледі деп сенемін, – деген ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген мырза елшіге Сәрсен Аманжолов атындағы алтын медальмен марапаттады.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo