Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-ға А. Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университетінің делегациясы келді

А. Герцен атындағы Ресей педагогикалық университетінің (Петербор) волонтерлардан, студенттерден, магистранттардан, оқытушылардан құралған халықаралық ағарту экспедициясы Өскеменге келді.

Делегация №1 оқу ғимаратында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттерімен кездесті. Жиынға Ресейдің Өскемендегі вице-консулы Н. Тищенко мен ШҚМУ проректоры И. Ровнякова қатысты.

Кездесуде ресейлік университеттің доценті, филология ғылымының кандидаты, ШҚМУ түлегі Валентина Артамонова экспедиция бағдарламасын таныстырды.

И. Ровнякова РМПУ мен ШҚМУ арасында келісім жасалғанын атап, қонақтарға оқу орны туралы айтып берді және екіжақты ынтымақтастықты нығайтуды ұсынды.

Н. Тищенко экспедицияға Шығыс Қазақстанда табысты жұмыс тілеп, оқу орындары арасында студенттермен алмасу жүретініне сенім білдірді.

Еріктілер «Химия-биология», «География», «Химия» мамандықтары бойынша оқитын студенттерге «Орыс тіліндегі вербальды және вербальды емес қарым-қатынас», «Әлеуметтік педагогика», «Музыка», «АӘД» мамандықтарына Петербор мен оның тұрғындары туралы сабақтар өткізді.

Кездесуге қатысқан ШҚМУ білімгерлеріне РМПУ тарапынан сертификаттар табысталды.

Петерборлық делегация ШҚМУ-дағы Археология және Алтайдың мәдени мұрасы музейінде, Бажанов атындағы табиғат мұражайында, геология кабинетінде, гербарий кабинетінде, фитохимия зертханасында, Сирек кітаптар қорында болды.

Сондай-ақ, «Будда ғибадатханасы» (ШҚМУ) сырттай саяхаты, «Петербордағы Дацан Гунзечойней будда ғибадатханасы» (РМПУ) шағын таныстырылымы өткізілді. 

Түстен кейін қонақтар облыстық мұражайға барды.

Олар, сонымен қатар, Өскемен орталық кітапханасында болып, «Возрождение» мектебінің тыңдаушыларына лингвистикалық ойын түріндегі сабақ өткізді.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo