С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-ға Хакас политехникалық колледжінен (Ресей) алғыс хат келіп түсті.
Қаңтарда Хакас политехникалық колледжінің оқытушысы Ольга Горбачева ШҚМУ физика кафедрасында «Оқу үрдісінде Activ Studio интербелсенді бағдарламасын қолдану» бойынша біліктілікті арттыру курсынан өткен.
Колледж директорының орынбасары Л. Шувалова оқытушылары өзекті ақпарат алып, Activ Studio бағдарламасын меңгергенін атап көрсеткен.
«Оқытушымызға білім алу мүмкіндігін ұсынғандарыңыз үшін алғыс білдіреміз, ынтымақтастығымыздың жалғасарына сенімдіміз» делінген хатта.
Баспасөз қызметі