- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
29 мамырында жаратылыстану ғылымдары және технологиясы факультетінің биология кафедрасына көпжылдық ынтымақтастық орнату мақсатында микробиолог Асим Есен келді.
Профессорға №4 оқу ғимараты бойынша экскурсия жүргізілді (зертханалар, кеппе-шөп кабинеті және т.б.).
Кафедра меңгерушісі Кітапбаева А.А. профессорлық-оқытушылық құрамы және американдық зерттеуші-микробиологпен кездесу ұйымдастырды. Кездесу микробиология тақырыбы бойынша және әркім өзінің ой-пікірін айта алатындай дәрежеде өтті. Нәтижесінде ғылыми –зерттеу жұмыстарын бірлесе өткізу жөнінде келісім –шарт жасасты.
Халықаралық ынтымақтастық бөлімі