25 сәуірде ШҚМУ-да ҚХР бас консулының орынбасары Го Синьцяо мен ҚХР ғылым мен техника жөніндегі консулы Ми Гуйсюн болды.
Қонақтар ШҚМУ-да іске асырылып жатқан жобалармен танысып, университетте оқитын 46 қытай студентімен кездесті.
Кездесуді өткізген тәрбие жұмысы жөніндегі проректор И. Ровнякова 65 жылда он мыңдаған маман даярлаған байырғы ЖОО-ның тарихы, білім бағдарламалары туралы айтты.
– Университет бакалавриат, магистратура, докторантура бағыттары бойынша жұмыс істейді. Бакалавриатта 45 мамандық бар. Біз 90 халықаралық келісім жасасқанбыз және ынтымақтастыққа әзірміз, – деді ол.
Келіссөз барысында тараптар ары қарайғы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.
Баспасөз қызметі