Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-ға саяхат: №5 оқу ғимараты (фоторепортаж)

Біз талапкерлер үшін фотоэкскурсиялар циклын бастаймыз. №5 оқу корпусымен танысыңыз.

№5 оқу корпусы – бұл «Зияткер», «Назарбаевтану» ғылыми-білім беру орталықтары, қазіргі заманғы «Altai jastary» телестудиясы, университеттің тарихы туралы сыр шертетін эксклюзивті мұражай экспозициясы, Шығыс Қазақстан облысының білім беру мұражайы және «Рухани Жаңғыру» мәжіліс залы.

Бірінші қабатта екі ғылыми-білім беру орталығы – сирек кездесетін экспонаттары бар, университетте болған Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің қызметі туралы баяндалатын «Назарбаевтану» және бірегей жабдықтар мен зертханалары бар «Зияткер». Соңғысының құрамына психологиялық кеңес беру бөлмесі, сенсорлық даму зертханасы, психофизиологиялық зертхана және білім берудегі инновациялар зертханасы енеді.
Сондай-ақ, 1-қабатта «SANALY URPAQ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиялар зертханасы, «Жас ұрпақ» кеңсесі және Кәсіптік оқыту және біліктілікті арттыру ресурстық орталығы орналасқан.
Кең фойеде кітап сөрелері бар адалдық аумағы және биыл ашылған жаңа асхана орналасқан.
Ғимараттың 2-қабатында университет ректоры, профессор, философия ғылымдарының докторы, педагогикалық ғылымдар академиясының академигі Мұхтар Әділбекұлы Төлегеннің кабинеті орналасқан.
Мұнда, сонымен қатар, университеттің салтанатты және мәдени шаралары өткізілетін аймақтағы ең үлкен акт залдарының бірі орын тепкен. Мәжіліс залының алдындағы сөрелерде университет кубоктары, тақырыптық кітап көрмелері, қабырғада ӨПИ/ШҚМУ директорлары мен ректорларының портреттері, сөрелерде университет тарихы туралы баяндайтын эксклюзивті музей экспонаттары орналасқан.
3-қабатта стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, ҚПҒА (Қазақстан) және ПҒХА (Ресей) корреспондент-мүшесі Ирина Владимировна Ровнякованың кабинеті, халықаралық ынтымақтастық және шетелдік студенттерді тарту бөлімі орналасқан.
Сонымен, 4-қабатта студент-журналистердің мақтанышы – «Altai jastary» студенттік телестудиясы бар, мұнда қазіргі заманғы жабдықтармен қатар өткен ғасыр журналистерінің ретро технологиясы қойылған.
4-қабатта халықаралық конференциялар, семинарлар, вебинарлар, дөңгелек үстелдер (оның ішінде «онлайн режимде» де) өткізілетін, техникалық тұрғыда жақсы жабдықталған «Рухани жаңғыру» конференц-залы бар.
Бұның бәрін Өскемен қаласының орталығында - Республика алаңының жанында, Қазақстан көшесі, 55-үйде орналасқан №5 ғимараттан табасыз.
Біз сіздерді С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың ғимараттарымен таныстыруды жалғастырамыз.
Жаңалықтар таспасын қадағалаңыз!
Баспасөз қызметі

 

 

Қазақ
× You found a Typo