Бүгін кәсіби бағдарлау жұмысы аясында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-ға Шемонаиха ауданының оқушылары келді.
Балалар СД және ҒЖ жөніндегі проректор И.В. Ровнякованың жетекшілігімен «Зияткер», «Назарбаевтану» ғылыми-білім беру орталықтарында, ШҚО білім мұражайында, «Рухани жаңғыру» орталығында болып, «Altai jastary» медиаорталығының телестудиясында өздерін тележурналистер ролінде сынап көрді.
Бұдан соң оқушылар акт залында ЖОО құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен кездесті, олар университет дайындайтын мамандықтар туралы айтып берді.
Экскурсия №1 оқу ғимаратында жалғасты, мұнда балалар кітапхана қорымен, Криминалистік орталықпен, дәрісханалармен танысты.
Фото https://cloud.mail.ru/public/72aQ/BLrX145Kw
Баспасөз қызметі