- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру аясында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ өкілдері Курчатов қаласында болды.
Маркетинг және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығы ШҚО ішкі саясат бөлімінің жастар ресурстық орталығымен бірлесіп, Курчатов қаласында жастарға кәсіби бағдар беру іс-шарасын өткізді. Сапардың мақсаты - университетті танымал ету және жастарға бағдар беру.
Кездесу қалалық мектеп түлектерінің, өнеркәсіп және қалалық әкімшілік өкілдерінің қатысуымен Мәдениет үйінде өтті. Шамамен 220 адам қамтылды.
Өз кезегінде, түлектер, ата-аналар мен мұғалімдер университетке түсу, одан әрі жұмысқа орналасу, жеңілдіктер беру және т.б. мәселелер туралы көптеген сұрақтар қойды. Барлық сұрақтарға толығымен жауап берілді.
Маркетинг және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығы