Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-ға жаңа ректор болып Мұхтар Әділбекұлы Төлеген тағайындалды

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Бақылау кеңесінің төрағасы, ҚР білім және ғылым вице-министрі А.К. Аймағамбетов бүгін құрылымдық бөлімшелер, факультеттер мен кафедралар жетекшілеріне ШҚМУ-дың жаңа ректорын – М.Ә. Төлегенді таныстырды.

30 қаңтарда С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Бақылау кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасы білім және ғылым вице-министрі А.К. Аймағамбетов құрылымдық бөлімшелер, факультеттер мен кафедралар жетекшілеріне ШҚМУ-дың жаңа ректорын – М.Ә. Төлегенді таныстырды.

Вице-министр ҚР білім және ғылым министрінің 29 қаңтардағы бұйрығын оқыды, онда министр 23 қаңтардағы республикалық комиссия шешімі негізінде ректор етіп Мұхтар Әділбекұлы Төлегенді тағайындаған.

Естеріңізге салсақ, Бақылау кеңесі республикалық конкурстық комиссияға ректор лауазымына үш үміткерді ұсынған болатын, олардың ішінде Мұхтар Төлеген болған.

М. Төлеген алғашқы кезектегі міндеттер қатарында талапкерлер санын ұлғайтуды және жаңа мамандықтар ашуды атады.

Жаңа формат бойынша, яғни Бақылау кеңесіндегі дауыс беруден кейін елімізде қазірдің өзінде 16 ректор тағайындалып үлгерді.

Төлеген Мұхтар Әділбекұлы –заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, философия докторы (PhD).

Төлеген Мұхтар Әділбекұлы 1980 жылғы 16 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданы, Шолаққорған ауылында педагогтар отбасында дүниеге келген.

1997 жылы №1 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектепті үздік бітірді. 1997 ж. 2001 ж. аралығында Қазақ мемлекеттік заң университетінде (Алматы қ.) білім алды. 2001 жылы сол жоғары оқу орнының тергеу-криминалистік факультетін «құқықтану» мамандығы бойынша үздік түлегі атанды.

2001 ж. 2003 ж. аралығында ҚазГЗУ Солтүстік Қазақстан заң институтында (Павлодар қ.) әртүрлі қызметтер атқарды: ұйымдастыру-кадрлық қамтамасыз ету бөлімінің бірінші санаттағы маманы-аудармашысы, заңгері, қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы, қылмыстық-құқықтық және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы.

2002 ж. 2006 ж. аралығында ҚазГЗУ Мемлекет және құқық институтында аспирантурада оқыды. 2006 жылдың қазан айында «Қазақстан Республикасындағы қылмыстылықтың алдын алуды ақпараттық қамтамасыз ету» тақырыбында кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап, «12.00.08-қылмыстық құқық және криминология, қылмыстық-атқару құқығы» мамандығы бойынша заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды.

2003 ж. 2006 ж. аралығында ҚазГЗУ Алматы заң Академиясында қызмет атқарды: ректор көмекшісі, қылмыстық құқық және криминология кафедрасының оқытушысы, ҚазГЗУ ғылыми бөлімінің бас маманы.

2006 ж. 2007 ж. аралығында ҚазГЗУ Құқық және экономика колледжінің  құқықтық пәндер бөлімі меңгерушісі,

2007 жылдың маусым-тамыз айларында Алматы қ. Бостандық ауданының №169 сайлау учаскесінің төрағасы болды.

2007 ж. 2008 ж. аралығында ҚазГЗУ Алматы заң Академиясының кәсіпкерлік құқық және қаржы факультетінің деканы (Алматы қ.) қызметін атқарды.

2008 ж. 2012 ж. аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универитетінде қызмет атқарды: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универитеті ректорының кеңесшісі, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универитеті халықаралық қатынастар факультеті деканының оқу және әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары (Алматы қ.).

2012 жылғы 26 қаңтардан 2016 жылғы 24 мамырға дейін Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының оқу және әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры қызметін атқарды.

2016 жылдың 24 мамырдан 2017 жылдың 7 сәуірі аралығында І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті ректор Аппаратының басшысы болды.

2017 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің № 30-жқ бұйрығына сәйкес, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің инновациялық жұмыс және стратегиялық даму проректоры қызметіне тағайындалып, қызмет атқарып келеді.

2011 жылы «құқықтану» мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор (ҚР БжҒМ 30.06.2011ж. ДЦ №0002253 шешімі) ғылыми атағын алды. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің лейтенанты.

«Қылмыстылықтың алдын алу» (Алматы, 2009), «Жоғары оқу орындарындағы құқықтық тәрбие», «Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың конституциялық-құқықтық мәртебесі» (Қостанай, 2014) атты 3 оқу құралдарын және «Қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өзара әрекеттестік мәселелері» атты монография (Қостанай, 2014), 70-тен аса ғылыми мақалалар жариялады. Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Түркияда, Германияда, Беларуссияда, Ресей Федерациясында («Іssues of state organs, social organizations and mass media interaction in struggle against crime in the Republic of Kazakhstan» Middle East Journal of Scientific Research журналы (Scopus, index, 2,0) ғылыми басылымдары бар.

2012 жылы Шығыс Еуропа құқығы Мюнхен институтында (Германия), 2013 жылы Валенсия политехникалық университетінде (Испания) ғылыми тағылымдамадан өтті. 2014 жылдың 9-26 маусымы аралығында «Назарбаев университеті» ДББҰ мен Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебінде (Сингапур) Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары басшыларының біліктілігін арттыру курстарында оқыды.

2012 жылдан бері Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің, ЕурАзЭҚ Білім беру бойынша Кеңестің интеграциялау Комитетінің (Минск қ.) мүшесі.

2012-2016 жылдары аралығында «Нұр Отан» партиясының Қостанай облыстық филиалының Саяси кеңесінің мүшесі болды.

2017 жылғы 31 мамырда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасында бірыңғай ақпараттық кеңістік құрудағы рөлі» атты ғылыми грант жеңімпазы атанды.

Еңбек атқару барысында көптеген ведомстволық және Үкіметтік наградаларға ие болды: 2014 жылы «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, «Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтына 75 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды. 2014 жылы «ЖОО Үздік оқытушысы» мемлекеттік грантын иеленді, 2015 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатын алды.

Баспасөз қызметі

 

Қазақ
× You found a Typo