Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ ғалымдары «Инклюзивті білім беру» пәнін әзірлеп шықты

ЖОО қызметінің бір бағыты – студенттердің бәріне тең жағдайлар және кедергісіз қолжетімділік жасау. Университетте мүмкіндігі шектеулі 16 студент оқиды.

Оқу орнында мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған физикалық және білім берушілік әзірлік іске асырылуда.

№1, 2, 5 оқу ғимараттарына пандустар, арнайы стендтер, көздері нашар көретіндерге бағдарлар орнатылған. №1 ғимаратттың оқу залында тірек-қимыл аппараты бұзылған студенттерге арналған орын бар. Университет сайты нашар көрушілер үшін бейімделген, үнемі аудиокітаптар, Браиль қаріндегі кітаптар сатылып алынуда.

Сондай-ақ, оқу орнында «Инклюзивті білім беру» пәні оқытылады. «Зияткер» ғылыми-зерттеу орталығы болса 35 мүгедек баланы «Томатис» аппаратымен сауықтырды.

Инклюзивті білім беру бағытында зерттеулер жүргізіледі. Биыл осы сала бойынша 13 магистрлік диссертация, 5 диплом жұмысы жазылып, қорғалды. Сондай-ақ, бес жоба әзірленіп, грант бөлу конкурстарына қатысты.

Баспасөз қызметі 

Қазақ
× You found a Typo