Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ ғалымдары мектептерге арналған «Өлкетану» оқулығын әзірлеп шықты

Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Ж. Әубәкірова облыстық мұғалімдер үшін (тарихшылар, музыканттар, географтар және филологтар) «Жалпы білім беретін мектептердің оқу үрдісінде «Өлкетану» оқулығын енгізу» тақырыбы бойынша оқыту семинарын өткізді.

«Өлкетану» оқулығын ШҚО білім беру басқармасының тапсырмасы бойынша Ж. Әубәкірованың басшылығымен құрамына С. Аманжолов атындағы ШҚМУ оқытушылары – тарих ғылымдарының докторы, профессор А. Жанбосынова, әл.ғ.к., доцент Э. Столярова, «Алтайтану» ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкерлері Е. Савчук, А. Әубәкірова, доцент А. Цыганов, тарих магистрі, аға оқытушы Қ. Жириндинова кірген жұмыс тобы даярлаған.

Сонымен қатар, жұмыс тобында PhD докторы, Шәкәрім атындағы СМУ қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі А. Жүндібаева, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының маманы Е. Зинченко, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б. Мұқанов, Өскемен қаласындағы ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер мектебінің оқытушылары  Қ. Құнафина, З. Есембаева енді.

«Өлкетану» аймақтық оқулығы «Қоғамдық сананы модернизациялау» бағдарламасына сәйкес жалпы білім беретін мектептердің 5, 6 және 7 сыныптары үшін әзірленген. Оқулық орыс және қазақ тілдеріндегі 20 тақырыптан тұрады.

Авторлар ақпараттық және иллюстрациялық материалдарды іріктеуге ерекше назар аударған.

Оқулық БжҒМ «Оқу құралы» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған облыстық және республикалық сараптама комиссияларының сараптамасынан өтті және Білім және ғылым министрлігі ұсынған оқу-әдістемелік басылымдар тізіміне енгізілді.

Қазіргі уақытта «Атамұра» баспасы оқулықты баспадан шығаруға дайындау үстінде. «Өлкетану» оқулығы 2019 жылдың қаңтарынан бастап облыстағы мектептерде сыналады.

Оқулықтың ресми таныстырылымы 2018 жылы 27 қарашада «Өлкетану оқулары-2018» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік  конференцияда өтеді.

                                                                  Қазақстан тарихы кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo