Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ ғалымдары мен студенттері Толеранттылық мектебіне қатысты

Өскеменде «Мәдениетаралық толерантты кеңістік құру және жастар ортасындағы диалогты дамыту» жобасы аясында Толеранттылық мектебінің XIV сессиясы өтті.

Бұл жолы мектеп ашық қазақстандық қоғам құрудағы жастардың рөліне арналды. Бұл «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыстардың жалғасы болды.

Мектепті ұйымдастыруға көп жылдан бері облыстық Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы көмектесіп келеді.

Толеранттылық мектебінің жұмысына С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ, ҚАЕУ студенттері қатысты.

Қатысушылар алдында Достық үйінің директоры Эльдар Төлеубеков пен ШҚО ҚХА ғылыми-сараптама тобының төрайымы Нелли Краснобаева құттықтау сөз сөйледі.

Сабақтарды ШҚМУ «Алтайтану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, тарихшы Александр Алексеенко, ШҚМТУ азаматтық даму бөлімінің жетекшісі Гүлнара Жаңабаева, ШҚМУ ҚХА кафедрасының меңгерушісі Элеонора Столярова, ШҚМУ «Алтайтану» ҒЗО қызметкері Жанна Әубәкірова, ШҚМТУ ғалымы, психолог Лилия Глушкова өткізді.

Екі күн бойы қызықты пікірсайыстар өтті, «жастар парламенті» форматында білім, экономика, мәдениет салаларын жетілдіру бойынша студенттік жобалар әзірленіп, ұсынылды.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo