ШҚМУ ғалымдары «Рухани жаңғырудағы ономастикалық кеңістік: жетістіктері мен болашағы» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты.
Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультетінің оқытушылары С. Қасенов, Ж. Қалимолдина, А. Жылқыбаева, А. Әлімхан, Б. Бияров, К. Еңсебаева «Рухани жаңғырудағы ономастикалық кеңістік: жетістіктері мен болашағы» республикалық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты.
Пленарлық мәжілісте мемлекеттілікті нығайтудың басым бағытының бірі болып келетін ұлттық ономастика мәселесі талқыланып, жергілікті атқару органдарының тарихи атауларды қалпына келтіру жұмыстарын жүйелі жүргізу қажеттігі жөнінде сөз қозғалып, ұсыныстар айтылды.
Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультеті