Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ ғалымдары Пушкин кітапханасында баяндама жасады

Ғылым және космонавтика күнінде облыстық кітапханада Ғарыштық зерттеулер және технологиялар ұлттық орталығының өкілдерімен онлайн кездесу өтті.

Кездесу қонақтары – орталық вице-президенті Б. Бекмұхамедов, Астрофизика институты директорының орынбасары Р. Валиуллин, Жерді қашықтықтан зондтау департаменті директорының орынбасары Р. Ақназаров орталық жұмысы, зерттеулер, отандық ғарышкерлердің қызметі туралы айтты.

Суасты «ғарышы» – ихтиология туралы кездесу де қызықты өтті. Ихтиолог Людмила Федотова балықтарды өсіру туралы әңгімеледі. ШҚМУ биология зертханасының ғылыми қызметкері Айдын Оразовтың таныстырылымы өзінің ғылыми негізділігімен тартымды болды. Жас ғалым картоптың бес жаңа сұрпын жасап шығарғанын айтты, енді ол емдік шөптермен айналысуда.

Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Роллан Мұхамедияров халық ертегісі желісінде өзі жасаған мультфильмін ұсынды, ал №25 мектептің оқушылары және Жас техниктер стансасының тәлімгерлері роботтары мен ұшатын модельдерін көрсетті.

Іс-шарада ғарыш және отандық ғарышкерлер – Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов, Қазақ КСР ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтпаев, жерлес ғалымдар С. Аманжолов, Д. Серікбаев туралы кітап-журналдар көрмесі өткізілді.

Баспасөз қызметі

Суреттер А. Пушкин кітапханасынікі

Қазақ
× You found a Typo