Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ ғалымдары Шығыс Қазақстанның экологиялық мәселелерін зерттеуде

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетіне қарасты биология кафедрасының, сондай-ақ экология және география кафедрасының ғалымдары ғылыми-зерттеу жұмысы аясында Шығыс Қазақстан облысының экологиясы және қоршаған ортаны қорғау бойынша жобалармен белсенді айналысуда.

Мәселен, экология және география кафедрасында Шығыс Қазақстан облысының функционалды аймақтарын экологиялық-геохимиялық бағалау және оларды тиімді қалпына келтірудің кешенді бағдарламасын жасау, қоршаған ортаны ластайтын заттардың Өскемен қаласы тұрғындарының денсаулығына әсері, Шығыс Қазақстан облысындағы табиғатты пайдаланудың геоэкологиялық аспектілері, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысындағы балқарағай ормандарын қорғау және өсімін молайтудың кешенді бағдарламасын жасау және іске асыру мәселелері қарастырылады.

Биология кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ғылыми-зерттеу жұмыстары тақырыптық жоспарының «Қазақстанның Шығыс аймағындағы экологиялық проблемалар және биоалуантүрлілікті, минералды ресурстар мен тұрғындар денсаулығын сақтау» атты жетінші бағытына енгізілген «Қазақстанның шығыс аймағындағы қоршаған орта мәселелері және биоалуантүрлілікті сақтау» атты іргелі зерттеуді әзірлеуде.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo