Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ ғалымдары Вроцлав университетінде тағлымадан өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ғалымдары Польшаның Вроцлав ғылым және технологиялар университетінде тағлымдамадан өтті.

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ұжымдық қолданыстағы ұлттық ғылыми зертханасының меңгерушісі Б. Рахәділов, аға ғылыми қызметкері М. Қылышқанов, «Беттік инженерия және трибология» ғылыми-зерттеу орталығының кіші ғылыми қызметкері А. Мәуліт Вроцлав ғылым және технологиялар университетінде (Польша) тағлымдамадан өтті.

Тәжірибе бағдарламасы трибология (үйкеліс туралы ғылым) бойынша дәрістер, «Машинажасау» және «Инженерлік биомедицина, мехатроника және механизмдер теориясы» факультеттерінің зертханаларына экскурсиялар, сондай-ақ «Машина жасаудың және трибологияның іргелі негіздері» кафедрасының зертханасында электролитті-плазмалық беріктендіру алдындағы және кейінгі болаттың трибологиялық қасиеттерін зерттеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді қамтыды.

Тәжірибе аясында ШҚМУ мен Вроцлав ғылым және технологиялар университеті арасында ынтымақтастық меморандумын дайындау туралы келісімге қол жеткізілді. Меморандумды іске асыру материалтану және материалды өңдеу технологиялары саласындағы қарым-қатынасты нығайтуға үлкен мүмкіндік береді.

ШҚМУ физика және технологиялар кафедрасының PhD докторанттарының докторлық диссертацияларының тақырыбы бойынша, Вроцлав ғылым және технология университетінің профессоры, техника ғылымдарының докторы Войцех Вельеба жетекшілігімен өтетін Вроцлав ғылым және технология университетінің ғылыми зертханаларында жүргізілетін жұмыстарындың жоспары талқыланды. Тағлымдама барысында «Радиациялық өңдеудің майлағыш қасиеттеріне әсері» тақырыбында бірлескен жұмыс жоспары әзірленді, ЭЛВ-4 үдеткіші (Қазақстан) электронды сәулелік сәулелену үшін полимер материалдарының үлгілері дайындалды. Осы зерттеулердің нәтижелері мемлекеттік бюджеттік жобалардың есептеріне енгізілетін болады.

ШҚМУ ғалымдары мен оқытушылары Вроцлав ғылым және технологиялар университетінің ғалымдарымен жемісті ынтымақтастық жасайды. ҚР БҒМ қаржыландыратын шетелдік ғалымдарды шақыру бағдарлама аясында ШҚМУ шақыруы бойынша 17 қыркүйек – 15 қазан аралығында профессор Войцех Виелеба жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің студенттері, магистранттары және PhD докторанттары үшін «Беттік инженерия және трибология» тақырыбында дәріс курсын өткізді.

Ғылыми тәжрибе барысында бірлескен зерттеу жұмыстарын жүргізу бойынша үлкен жұмыстар жүргізілді, ғылыми журналдарда жариялау үшін мақалалар дайындалды, зерттеу жүргізумен байланысты дағдылар кеңейтілді.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі

Қазақ
× You found a Typo