Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«ШҚМУ ғалымдарының еңбектері» электронды мәліметтер базасы құрылды

Өткен жылы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да университет ғалымдары еңбектерінің институционалды репозиторийі (электронды мұрағаты) құрылған-ды. Бұл процесті ұйымдастыру үшін бір жыл ішінде көптеген жұмыстар атқарылды.

Біріншіден, «Ирбис 64+» автоматтандырылған жүйесінің негізінде «ШҚМУ ғалымдарының еңбектері» мәліметтер базасы құрылды.

Сонымен қатар, репозиторий туралы ереже және контентті ұйымдастыруға арналған ақпарат жинау алгоритмі жасалды, электронды ақпараттың жеткілікті мөлшерін орналастыратын сервер сатып алынды.

Институционалды репозиторий – бұл университетте жүргізілген ғылыми зерттеулердің нәтижелерін ұзақ мерзімге және қолжетімді сақтауға, жинақтауға және қамтамасыз етуге арналған электрондық мұрағат.

Институционалдық репозиторийдің негізгі міндеттері – автоматты мұрағаттандыру арқылы университетте жүргізілген ғылыми зерттеулердің нәтижелеріне қолжетімділікті, әлемдік қауымдастық үшін университеттік зерттеулерге қолжетімділікті  қамтамасыз ету, Интернет желісіне тегін қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы университет қызметкерлері ғылыми жарияланымдарына сілтемелерді арттыру.

Ашық қолжетімділік ШҚМУ ғалымдарына кез келген жазылу журналына қарағанда анағұрлым кең жаһандық аудиторияны ұсынады.

Баспасөз қызметі,

ғылыми кітапхана

Қазақ
× You found a Typo