Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ ғалымы адам құқығы және қауіпсіздіктің трансұлттық қатерлері бойынша V халықаралық жастардың заң форумына қатысты

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ғалымы Қуат Рахымбердин Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Адам құқығы және қауіпсіздіктің трансұлттық қатерлері» 5-ші халықаралық жастардың заң форумына қатысты.

Форумды М. Нәрікбаев атындағы ҚазМЗУ мен ЕҚЫҰ кеңсесі ұйымдастырды. Оған Ресей, Беларусь, Украина, Қырғызстан университеттерінің командалары да қатысты.

Жиында Қуат Рахымбердин «Пенитенциарлық мекемелердегі зорлықшыл экстремизм және радикалдандыру» тақырыбындағы дәрісін оқыды. Ол Орталық Азия түрмелеріндегі экстремизм мен терроризм, есірткі тасымалы мен қылмыс мәселелері туралы айтып берді.

Сондай-ақ, заң ғылымының кадидаты қазылар алқасының мүшесі ретінде форумға қатысушылардың баяндамаларын бағалады.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo