Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ ғалымы еңбек құқығы бойынша 5 кітапша дайындады

Заң ғылымдарының докторы, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың қылмыстық құқық және қылмыстық процесс кафедрасының доценті Қ. Рахымбердин, Ынтымақтастық орталығының қолдауымен «Адам құқығы және заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюро» ҚҰ жобасы шеңберінде еңбек құқығы бойынша бес кітапша дайындады.

Ғалымның кітапшалары - «ҚР-ғы еңбек келісімшарты», «Кәмелетке толмағандардың еңбек құқықтары және оларды қорғау», «Еңбек шартын бұзу: теория мен практика», «Еңбекақы», «Келісу комиссиялары жеке еңбек дауларын шешудің сотқа дейінгі және соттан тыс құралы ретінде».

Кітапшалар, еңбек құқығы саласындағы ұлттық және халықаралық сарапшылардың сараптамасынан өтті. Қазақ және орыс тілдерінде әзірленді.

 Онда еңбекақыны төлемей қою, еңбек құқықтарын сотқа дейінгі және соттан тыс шешу, келісу комиссиясын құру және олардың жұмысы сынды сұрақтар қарастырылған.

Аталған оқулықтар азаматтарға бағыт-бағдар беріп, еңбек жолдарында септігін тигізеді деп үміттенеді автор.

Әдістемелік құралдарды сілтеме бойынша өтіп жүктеуге болады: https://labor.bureau.kz/index.php/broshury/

Брошюра 1

Брошюра 2

Брошюра 3

Брошюра 4

Брошюра 5

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo